35
![](https://isa.nis.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/WhatsApp-Image-2023-04-06-at-19.47.09.jpeg)
Халықаралық бакалавриат бағдарламасы аясында Астана Халықаралық мектебінің 9-сынып оқушылары оқу жылында әлеуметтік жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жасайды.
Әлеуметтік жоба – 9-сынып оқушыларының қоғамдағы проблеманы анықтауға және оны шешу жолындағы іс-әрекеттерге бағытталған бір жылдық топтық жұмысы, зерттеуден, жоспарлаудан, әрекеттен және рефлексиядан тұрады.
Әрбір жоба студенттерді қызықтыратын тақырыптар бойынша жүргізіледі және алдын ала зерттеулерге негізделген.