307
"Туған елге тағзым" жобасы
"Жасөспірім үні" жобасы
"Жас жазушылар" жобасы
2012 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзіндік патриоттық жоба – «Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедиция өз жұмысын бастады.
Жоба аясында экспедициялық топтар еліміздің барлық аймақтарында болып, сол жердің флора, фауна, тарихын, мәдениетін, инновациялық объектілерін, архитектуралық құрылыстарын, зерттейді.
Экспедиция нәтижесі бойынша қатысушылар арасында ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар бойынша байқау өткізіледі.
2021 жылы «Туған елге тағзым» жобасында бірінші орынды иеленген Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық мектеп қоржыны тағы бір үлкен жүлдемен толықты.
Байқау қатысушыларының ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстарымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://nis-kz.libguides.com/c.php?g=696065&p=4996544
«Жасөспірім үні» жобасы жаһандық тақырыптар бойынша шығармашылық жазбаша мәтіндер жазуға қызығушылық білдіретін дарынды оқушылар мен қоғамға айтары бар замануи жасөспірімдер үшін өзекті және үлкен мүмкіндік береді.
Жоба жетекшілері – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жуматова Айгерим Тлегеновна, ағылшын тілі мұғалімі, Нуржанова Ляззат Ислямгалиевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ерботина Анара Амантаевна.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебіндегі үштілді білім беру саясатына сәйкес жұмыс үш тілде қабылданады.
Қосымша ақпаратты толық ақпарат сілтемесін басу арқылы ала аласыз.
«IB және мен: менің табысқа апарар жолым» байқауы жарияланады.
Мектебімізде 2017-2018 оқу жылының қыркүйек айынан бастап «Жас жазушылар» жобасы ұйымдастырылуда.
«Жас жазушылар» жобасы – ол мектеп өмірінен шынайы орнын тапқан, игі маңызды іс. Ол ұстаз бен шәкірттің қалауы бойынша іске асырылып, жас буынның тілге деген құрметін арттыру мақсатында жоспарланған.
«Жас жазушылар» жобасы мектеп оқушыларының қарымды қаламына жаңа леп, жаңа тыныс беріп, жас өскелең ұрпақтың шығармашылық қырын тануға, танымдық көзқарастарын білуге мүмкіндік болып табылады.
Жоба оқушыларға автор ретінде өзі ойлап шығарған оқиғасын белгілі бір жанрда (ертегі, әңгіме, комикс және т.б.) жазуға, өз туындысын оқырман аудиториясының назарына ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл жоба жаңа әлеуетті жас жазушыларды ерекше сюжеттер мен қызықты кейіпкерлермен шабыттандырып, шығармашылыққа тарта алады, қатысушыларға өз шығармашылық қабілеттерін шыңдауға көмектеседі, дарынды оқушыларды анықтауға ықпал етеді.
Қосымша ақпаратты толық ақпарат сілтемесін басу арқылы ала аласыз.
«Жас жазушылар» байқауы жарияланады.