Нұр-Сұлтан қаласының Халықаралық мектебінің миссиясы және ұстанымы

Миссия

Жоғары адамгершілік құндылықтары қалыптасқан, өз елінің мәдениетін бағалай білетін және өзгелердің мәдениетін құрметтейтін, өмір бойы білім ала отырып, әлемді өркендетуге үлес қосуға дайын, дені сау, зияткер, шығармашыл, табысты тұлғаны тәрбиелеу үшін жағдай жасау.

Біздін ұстанымыз

Біз, мектеп қауымдастығы ретінде әр оқушының біртұтас дамуы үшін қауіпсіз орта мен қолайлы мәдениетті қалыптастырамыз.

Өз қызметінде Нұр-Сұлтан қаласының Халықаралық мектебі келесі құндылықтарға сүйенеді:

01

Құрмет

02

Даму

03

Ынтымақтастық

04

Адалдық

05

Жауапкершілік

06

Қауіпсіздік

Тарихы

Нұр-Сұлтан Халықаралық мектебі 2013 жылы ашылды. Сол жылы мектепте 4 сынып және 10 мұғалім болса, 2014-2015 оқу жылында 400 оқушыға өсіп, 20 сынып болды. Сол оқу жылында 45 тәрбиеленушісі бар балабақша ашылды. Қазіргі таңда 1-12 сыныптарды қамтыған 66 сынып жиынтығы бар. Мектепте білім алушылардың саны 1200-ден асады.

Авторизация

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп – Халықаралық бакалавриаттың барлық үш бағдарламасы бойынша: Primary Years Programme (PYP), Middle Years Programme (MYP) и Diploma Programme авторизациядан өткен білім ордасы.

Мектептің жабдықталуы

Заманға сай жаңа технологиялармен жабдықталған оқу ордасында оқушылардың жоғары нәтижелерге қол жеткізері сөзсіз. Сондықтан да Нұр-Сұлтан Халықаралық мектебі 2016-2017 оқу жылында қаламыздың сол жағалауында салынып жатқан жаңа ультразаманауи ғимаратқа көшті.

Мектептің ғимараты білікті сәулетшілер тобының жоспарлауымен оқыту мен білім беруге арналған ауқымды көру концепциясына сәйкес бой көтеруде, яғни кешеннің шыныдан тұрғызылған оқыту алаңы мен ішкі ашық архитектурасын құру мақсаты көзделген.

Мектептің ғимараты білікті сәулетшілер тобының жоспарлауымен оқыту мен білім беруге арналған ауқымды көру концепциясына сәйкес бой көтеруде, яғни кешеннің шыныдан тұрғызылған оқыту алаңы мен ішкі ашық архитектурасын құру мақсаты көзделген.

Бұл тәсіл мектептің ашық және айқын мәдениетін қалыптастыру, сабақтарды жоғары деңгейде өткізу, оқушылардың тәртібін жақсарту мақсатында таңдап алынды. Жұмыстың нәтижелі болуы үшін, қолайлы жағдай жасау мақсатында, балабақша, бастауыш мектеп және орта мектеп жаңа ғимараттың өзара байланысып жатқан түрлі бөліктерінде орналасады.

Бүкіл оқу процесінің барысында барлық оқу кабинеттерінде қосымша интерактивті тақтамен бірге желілік, үстел және мобильді ноутбуктер қолданылады. Мектептің бүкіл аумағында сымсыз кеңауқымды ғаламторға қосылу мүмкіндігі болады. Дәстүрлі мектеп кітапханасының орнына Нұр-Сұлтан Халықаралық мектебі осы заманға сай оқыту үрдісі ізімен мектеп ғимаратының негізі ретінде оқу медиа-орталығын жабдықталған. Сондай-ақ музыка және театр үйірмелерін жүргізу үшін, театрландырылған көрсетілімдер мен дәріс залы ретінде пайдалануға болатын студиялық жабдықтар орнатылады. Көркемөнер бөлімі де заманауи студиялық құрылғылармен жабдықталған.

Сондай-ақ, мектепте оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалармен айналысуына мүмкіндік беретін технологиялық және эксперименттік жылыжайлары бар заманауи ғылыми зертханалар кешені де қарастырылған. Сонымен қатар қыстың ең суық айларында «ашық» табиғи қоршаған ортаны қамтамасыз ететін қайта жаңғыртылатын көшетхана жасалады. Бастауыш және орта мектеп оқушыларына ауа райы жылы болғанда, пайдаланатын арнайы ішкі аулалар беріледі.

Нұр-Сұлтан Халықаралық мектебі түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыру үшін, осы заманғы ішкі және сыртқы бірқатар спорттық нысандармен жабдықталады.

Кешеннің медициналық орталығында барлық оқушылар сабақ кезінде тікелей медициналық қызмет алу мүмкіндігіне ие болады.