123
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Астана қаласындағы Халықаралық мектеп» филиалы 2022-2023 оқу жылында балабақшаға үміткерлерді қабылдап, топтарды толықтыру мақсатында ақылы негізде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде оқыту мен тәрбиелеу бойынша құжаттар қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Санаты, оқу жылындағы балабақшаға келу ұзақтығы және қызмет үшін төлем:
№ | Тәрбиеленушілер санаты | Оқу жылындағы балабақшаға келу ұзақтығы | ҚР резиденттері | ҚР бейрезиденттері | Төлем |
Жаңадан қабылданғандар үшін кіру жарнасы (бір реттік) | 320 000 | 320 000 | Төлемнің бірінші траншымен бір реттік кіру жарнасы шартқа қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні аралығында жүргізілуі тиіс | ||
1 | Мектепалды даярлық 5-6 жас (қазақ/орыс) | 9 ай (1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы) | 2 000 000 | 3 170 000 | Үш транш |
2 | Мектепалды даярлық 5-6 жас (ағылшын) | 9 ай (1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы) | 2 820 000 | 3 170 000 | Үш транш |
3 | Ересек топ 4-5 жас | 11 ай (1 қыркүйек пен 31 шілде аралығы) | 2 000 000 | 3 170 000 | Ай сайын (15-іне дейін) |
4 | Орта топ 3-4 жас | 11 ай (1 қыркүйек пен 31 шілде аралығы) | 2 000 000 | 3 170 000 | Ай сайын (15-іне дейін) |
*Төлемге балалардың күніне бес рет тамақтануы кіреді
*Жеңілдік: екінші балаға – 10%; үшінші және одан әріге – 15%
* Кезекші топ: 1 сағатқа дейін – 2600 теңге, 30 минутқа дейін – 1300 теңге
Балабақша мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е-321 көшесі, 6/1 ғимарат, (Family Village ауданы)
Балабақша туралы
Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін
Қабылдау: 08.00-ден 08.30-ға дейін (содан кейін: таңғы жаттығу мен таңғы ас)
Жұмысты аяқтау: 18.00
Кезекші топтың жұмыс режимі: 18.00-ден 19.00-ге дейін
Демалыс күндері: Сенбі, жексенбі, мереке күндері және Қазақстан Республикасының заңнамасында демалыс күндері ретінде белгіленген күндер
Тегін үйірмелер:
- Робокидс
- Монтессори кабинеті
- Өнер студиясы
- Шахмат (4+)
- Каратэ (4+)
- Психолог және логопед
Өтініш қабылдау мекен-жайы:
Астана қаласы, Түркістан көшесі, 32/1, тел: 8 (7172) 91-61-77,
Анықтама алу үшін: +7 747 022 45 29
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін
Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін
Келісімшартқа қол қою үшін балабақшаға үміткердің ата-аналары (заңды өкілдері) келесі құжаттарды ұсынуы керек:
1. Өтінішті электронды форматта мектеп сайтынан жүктеуге болады
2. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) жеке куәлігі)
3. Балабақшаға үміткердің туу туралы куәлігі немесе үміткердің шетелдік паспорты (ЖСН міндетті түрде көрсете отырып)
Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін балабақшаға келу үшін келесі құжаттарды дайындау қажет:
1. Денсаулық паспорты № 026
2. Егу картасы № 063
3. Гельминт жұмыртқаларының нәжісті талдауы
4. Эпидорталығы туралы анықтама
5. Балабақшаға үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе мектепке үміткердің паспортының көшірмесі (ЖСН міндетті түрде көрсетілуі тиіс)
6. Ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәлігінің көшірмесі
Бос орындардың болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз бола алады
Ескерту: Балабақша мына мекенжайда орналасқан: Астана қ, Есіл ауданы, Е-321 көшесі, 6/1 ғимарат (Family Village ауданы)