51

    «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Астана қаласындағы Халықаралық мектеп» филиалы 2024-2025 оқу жылына арналған оқыту мен тәрбиелеудің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақылы негізде балабақшадағы топтарды толықтыру мақсатында қабылдау жариялайды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Астана қаласындағы Халықаралық мектеп» филиалының балабақшасына түсу кезеңдері: 

1  Кезең. Индиго порталы арқылы балабақшаға кезекке тұруға өтініш беру (сайтқа сілтеме indigo24.kz)

2  Кезең. Балабақшаға қабылдануға электрондық жолдама алу және Е-321 к-сі, ғимарат 6/1 мекенжайы бойынша қабылдау комиссиясының кабинетіне құжаттар тізімін тапсыру

3 Кезең. «Менің жолдамаларым» бөлімінде Электрондық-цифрлық қолтаңбасы кілттерінің (бұдан әрі-ЭЦҚ) көмегімен балабақшамен электрондық шартқа қол қою.

1 Кезең. Балабақшаға кезекке қою бойынша бейне нұсқаулық

2  Кезең. Жолдама алу үшін сізге:  

1. Жеке кабинетке кіру

2. Баланың ЖСН/аты-жөнін және жолдаманы алуға негіз болатын өтініштің нөмірін көрсету

3. «Бос орындарды іздеу» батырмасын басу

4. Жүйе балаңыздың жасына сай келетін топтары бар барлық мектепке дейінгі ұйымдарды көрсетеді

5. Бос орындардың тізімін қарастыру, біздің мектепке дейінгі ұйымымызды таңдау үшін іздеу бөліміне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Астана қаласындағы халықаралық мектеп» филиалын енгізу және топты таңдау

6. «Жолдама алу» батырмасын басыңыз

     Жолдама алған соң үміткердің ата-анасы (заңды өкілдері) балабақшаның қабылдау комиссиясының кеңсесіне келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1. Өтініш (балабақшада толтырылады);

2. Ата-анасының (заңды өкілдердің) жеке куәліктерінің көшірмесі;

3. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе паспортының көшірмесі (міндетті түрде ЖСН көрсетілу қажет);

4. Фото 3х4 (2 дана)

5. №026 Денсаулық паспорты

6. № 065 егу картасы

7. Гельминт жұмыртқасына нәжісті тапсыру қорытындысы (helminth eggs)

8. Эпидемиялық орта туралы анықтама

9. Ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама

3 Кезең. Балабақшаға қабылдау үшін электрондық келесім-шартқа қол қою бойынша бейне нұсқаулық

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Астана қаласындағы Халықаралық мектеп» филиалы балабақшасының мемлекеттік дотациямен оқу төлемінің мөлшері

Жас ерекшелігіОсы жас санатына сәйкес келетін балалардың туған күндері  ҚР резиденттері, оқу жылына төлемі, теңге    ҚР резиденттері, оқу айына төлемі, теңге    ҚР резиденті емес, оқу жылы үшін төлемі, теңге  ҚР резиденті емес, оқу айына төлемі, теңге
1Кіші топ 2-3 жас  (қаз) 01.01.2022 ж. бастап 31.12.2022 ж. дейін2 184 000182 0003 456 000288 000
2Орта топ 3-4 жас (қаз/орыс)01.01.2021 ж. бастап 31.12.2021 ж. дейін2 184 000182 0003 456 000288 000
3Ересек топ 4-5жас (қаз/орыс)01.01.2020 ж. бастап 31.12.2020 ж. дейін2 184 000182 0003 456 000288 000
4Мектепалды даярлық тобы 5-6 жас (қаз/орыс)01.09.2018 ж. бастап 31.12.2019 ж. дейін2 000 000222 2223 170 000352 222

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының  «Астана қаласындағы Халықаралық мектеп» филиалы балабақшасының  дотациясыз  оқу төлемінің мөлшері

Жас ерекшелігіОсы жас санатына сәйкес келетін балалардың туған күндеріҚР резиденттері үшін, оқу жылына төлемі, теңгеҚР резиденттері үшін, оқу айына төлемі, теңге  ҚР резиденті емес , оқу жылы үшін төлемі, теңгеҚР резиденті емес, оқу айына төлемі, теңге
1Кіші топ 2-3 жас  (қаз) 01.01.2022 ж. бастап 31.12.2022 ж. дейін2 820 000235 0003 456 000288 000
2Орта топ 3-4 жас (қаз/орыс)01.01.2021 ж. бастап 31.12.2021 ж. дейін2 820 000235 0003 456 000288 000
3Ересек топ 4-5 жас (қаз/орыс)01.01.2020 ж. бастап 31.12.2020 ж. дейін2 820 000235 0003 456 000288 000
4Мектепалды даярлық тобы  5-6 жас (қаз/орыс)01.09.2018 ж. бастап 31.12.2019 ж. дейін2 475 000275 0003 170 000352 222
5Мектепалды даярлық тобы 5-6 жас (ағылшын)01.09.2018 ж. бастап 31.12.2019 ж. дейін2 820 000313 3333 285 000365 000

        Ескерту: *мектепалды даярлық топтары үшін оқу жылының ұзақтығы 9 ай (1 қыркүйектен 31 мамырға дейін). Кіші, орта, ересек топтар үшін 12 ай.

Білім беру қызметтері мен тамақтану қызметтерінің жалпы құны ай сайынғы негізде жүргізіледі, оның ішінде:

  • Кіру жарнасы 320 000 теңге. Жарна мектептегі білім беру ортасын одан әрі жақсарту үшін қолданылады. Жарна бір реттік және қайтарымсыз. Қабылдау жарнасының сомасы оқу құнының жалпы сомасына кірмейді
  • Тамақтану қызметтеріне ақы төлеу ай сайын 30.000 теңге мөлшерінде жүргізіледі

* Тамақтану ақысына Балалардың күніне бес рет тамақтануы кіреді  (таңғы ас, дәруменді таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі тағамдар, тығыздалған түстен кейінгі тағамдар)

* Жеңілдіктер: екінші балаға — 10%; үшінші және одан әрі — 15%

Оқу ақысына келесі үйірмелер кіреді:

1Хореография Барлық жас топтар
2Бейнелеу өнеріБарлық жас топтар
3Ағылшын тіліОрта топтар, Ересек топтар, Мектепалды даярлық топтар  
4МузыкаБарлық жас топтар
5КаратэЕресек топтар, Мектепалды даярлық топтар    
6ШахматЕресек топтар, Мектепалды даярлық топтар    

Балаларды қабылдау: 08.00-ден 08.30-ға дейін,

Балабақшаның жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма 8:00-ден 18:30-ға дейін,

Демалыс күндері: Қазақстан Республикасының заңнамасында демалыс күндері ретінде белгіленген сенбі, жексенбі, мереке күндері.

Кезекші топ: жоқ

Қабылдау комиссиясының менеджері: +7 702 058 07 09 Бейсалы Тоғжан Ерікқызы

Мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е-321 көшесі, 6/1 ғимарат, (Family Village ауданы).