13

15-17 қараша аралығында өткен шахматтан NIS желілік спартакиадасы қорытындыланды. Астана Халықаралық мектебінің 1-6 сынып оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ, шахматтан желілік спартакиадада қыздар арасында 3 «Е» сынып оқушысы Амина Дюсенова І дәрежелі, 3 «D» сынып оқушысы Амина Кушерова ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Ұлдар арасында 5 «В» сыныбының оқушысы Диас Мажит жүлделі ІІ дәрежелі диплом алса, 5 «С» сыныбының оқушысы Арлан Болат ІІІ дәрежелі дипломның иегері атанды.