26

Астана Халықаралық мектебінің 9-сынып оқушылары Томирис Алмуханбетова мен Лидия Льянова әлеуметтік жоба аясында шеберлік сағаттарының легін өткізді. Жобаның мақсаты – түрлі қызығушылықтар арқылы мектеп қауымдастығының стресс деңгейін түсіру. Оқушылар 2-сыныптарға шоколадты печеньелерді дайындау шеберлік сағатын, ал 10-сынып үшін өнер пәнінің мұғалімі Альмира Жаксипаевамен бірлесіп ұлттық ою-өрнектері бар әшекейлер жасау шеберлік сағатын өткізді.