36

Астана қаласындағы Халықаралық мектепте пән мұғалімдерімен ата-аналар жиналысы өтті. 10-12-сынып оқушыларының ата-аналары мұғалімдерден кері байланыс алды. Сондай-ақ өз балаларының оқу үлгерімі мен жетістіктері жайында көбірек білді. Өз ұлының Астана Халықаралық мектебінде білім алып жатқан 5 жылы ішінде бірде-бір ата-аналар жиналысын өткізбеген Марита Мазанова бұндай шаралардың маңызды екенін атап өтті:

– Менің ұлым Амирхан Мирзалимов 12 «В» сыныбында оқиды. Менің ойымша, ата-аналар жиналысы – оқу процесінің және ата-аналардың мұғалімдермен байланысының маңызды элементтерінің бірі. Балаңның үлгерімі, жетістіктері, нәтижелері жайында пән мұғалімімен көзбе-көз сөйлескенде, бәрін біліп жүресің. Әр ескертуден кейін ұлыммен сөйлесемін, түйін шығарамыз. Бұл – өте маңызды.

Айта кетейік, ата-аналар жиналысы Астана Халықаралық мектебінде жүйелі түрде өткізіліп тұрады.